Жиырма бес

 

 

Қазақ мәдениетіндегі елеулі сандардың бірі – «жиырма бес» саны. Жүйрік жастық туралы ой-пікірлер онымен байланысты (әйгілі «Жырма бес»  халық әні), бір мүшел «25» санына түседі және ол бай қазақ қалыңдығының жасауында да кездеседі.

 

Бұл туралы М.Әуезовке сілтеме жасай отырып, Е.Н. Жанпейісов: қалыңдықтың жасауының саны жиырма бес болды. Ол Қоқан керуенінен жүз қойға сатып алынған жібек кілемнен басталды. Одан кейін жиырма бес сандық. Көйлек, төсек-орны, дастархан, ыдыс-аяқ, жастық, көрпе – барлығы жиырма бес дана болды. Тіпті, сүйек оюлы биік кереуеттің жібек матадан тігілген көрпе-жастықтары да сол санға сәйкес келген [2, 71-72 б.]. Сонымен, қазақ мәдениетіндегі «25» саны толықтықты, белгілі бір аяқталуды, тұтастықты, бір нәрсеге қол жеткізу сәтін білдіреді деп болжауға болады.

.